Жамбыл облысының әкімі дауылдан кейінгі шығынды жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінігі отырысында бейнебайланысқа шыққан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатты дауылдың салдары бойынша баяндап, шығынның көлемін жариялады. Оның айтуынша, коммуналдық нысандарға қатысты барлық шығындар жергілікті бюджеттің есебінен өтеледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

Әкімнің сөзіне қарағанда, дауылдан кейін 36 адам медициналық көмекке жүгініп, төртеуі ауруxанаға жатқызылды. «Төтенше жағдай Таразда, Байзақ, Мойынқұм мен Шу аудандарында енгізілді. Қазіргі кезде шығынның көлемі анықталуда. Алдын ала болжамға сәйкес, шығындар 400 млн. теңгені құрап отыр», - дейді Жамбыл облысының әкімі.

Әкімнің айтуынша, қорғаныс министрлігі, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі өзіне қарасты нысандарды өз күшімен қалпына келтіретін болды. Ал коммуналдық меншіктегі нысандардың барлығы жергілікті бюджеттің есебінен өтеледі.

Оған қоса, қатты дауылдың салдарынан 10 жылыжай бұзылды. Оның шығыны 175 млн теңгені құрап отыр. Аталған нысандар несиеге салынғандықтан ол ақшаны қайтару мерзімін ұзарту туралы ауызша келісім бар. Үкімет басшысы Б.Сағынтаев осы мәселені жіті бақылауға алып, «ҚазАгромен» тиісті жұмысты жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар