Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Жамбыл облысындағы балалар үйінің түлектеріне пәтер кілті табыс етілді

2022 жылғы 1 маусым 19:11

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы аталған мекеме Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды оңалту және бейімдеу орталығын біріктіру арқылы қайта құрылған болатын. Бүгінде мұнда 75 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимаратта сабақ өткізуге арналған кабинеттер, акт залы, «Рухани жаңғыру» кабинеті, кітапхана, коворкинг орталығы, музей, физиотерапия кабинеті, медициналық кабинет, спорт және шахмат залдары бар. Мекемеде кәсіптік бағдарлау орталығы жұмыс істейді, онда балалар шаштараз, етікші, аспаз, қолөнер және дизайнерлік шығармашылық, іс тігу бойынша білім ала алады. Орталық тәрбиеленушілері 7 топқа бөлінген. Мекеме ғимаратын жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер жиі қол ұшын созып отырады.

Облыс әкімі жатын бөлмелерді, кабинеттерді аралап, балаларды әңгімеге тартты.

Нұржан Нұржігітов құрметті қонақ ретінде балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағадарламаны тамашалады.

Сондай-ақ, тәрбиеленушілердің салған суреттерінен көрме дайындалған.

«Балалар – еліміздің ертеңі, болашағымыз. Біздің негізгі міндетіміз – балаларымызды қорғау, олардың балалық шақтарының алаңсыз өтуіне жағдай жасау.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың жан-жақты және лайықты дамуы үшін барлық жағдайларды жасау, балаларды қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыста жыл сайын жаңа мектептер, қосымша білім беру мекемелері салынуда.

Жақында облыс орталығында заманауи оқушылар сарайы ашылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Бай болу үшін – кәсіп керек!» дейді. Мұнда материалдық байлық емес, рухани байлық туралы айтылған. Сіздердің болашақта нағыз кәсіби маман болып, Отанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек етулеріңіз аса маңызды. Баршаңызға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін!» – деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде.

Балаларды мерекемен құттықтаған аймақ басшысы оларға естелік сыйлықтар тарту етті.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Сарымолдаев атындағы бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі Закир Сейітқановқа және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған В.Савва атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленуші-түлектеріне Сандуғаш Иманқұловаға Тараз қаласының 15 шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға бақыт пен амандық тіледі.


Автор:

Сая Сембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары