Жамбыл облысының әкімі аймақтағы екінші күн электр стансасының құрылыс барысымен танысты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың мамыр айында Жуалы ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын «Бурное Солар-1» КЭС-ын іске қосу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстан мен Орталық Азиядағы «Отар» КЭС өнеркәсіп саласының бірінші күн электр стансасы пайдалануға енгізілді. «Отар» КЭС-ның бірінші кезегі құрылысының бағасы шамамен 1,33 млн. доллар жекеменшік инвестицияларды құрады, жалпы орнатылған қуаттылық - 7 МВт.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа «Бурное Солар-1» КЭС-ның құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырылды. Аймақ басшысы 2017 жылы Қазақстанда ЕХРО халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты осындай инновациялық жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Жуалы ауданындағы күн электр стансасының құрылысына «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік инвесторлар қатыстырылып, «Samruk Kazyna - United Green» бірлескен кәсіпорны құрылды.

«Бурное Солар-1» КЭС-ның жалпы құны 23,5 млрд. теңгені құрайды. КЭС-да күн энергиясын өндіру үшін шамамен 192 мың күн панельдері орнатылған.

ЭБК нысанында 250 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Инвесторлар ағымдағы жылдың соңына дейін КЭС-ның қуаттылығын 100 мегаватқа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл жұмыс орындарын көбейтіп, шамамен 30 мың ауланы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыстық әкімдікте Жамбыл облысының энергияның балама көздерін дамыту бойынша ел аймақтарының арасында көшбасшылардың бірі екенін атап өтті. Қазақстанда 2009 жылы «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңының қабылданғаннан бері Жамбыл облысында қуаттылығы 7-ден 300 МВт-қа дейін болатын гидро, су және күн электр стансаларының құрылысы бойынша 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар