Жамбыл облысының әкімі «Астана Арланс» клубының жеңімпаз боксшыларымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбылдық боксшылар «Астана Арланс» кәсіби бокс клубының таяуда Дүниежүзілік бокс топтамасында қол жеткізген жеңісіне үлкен үлесін қосты, деп жазады sports.kz.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік бокс топтамасының ақтық кезеңінде әлемнің ең үздік екі клубы - «Астана Арланс» пен «Куба Домадорес» кездесті. Еліміздің ұлттық құрама шеберлері қатысқан қазақстандық клуб екінші рет жеңімпаз атанды.

Облыстық әкімдікте Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкірекбаев аймақтан шыққан жеңімпаз боксшылармен кездесіп, оларға бағалы сыйлықтар табыстады.

«Облысымыздан жазушылар, суретшілер немесе спортшылар болсын, көрнекті адамдар көп шықты. Туған жердің атын шығарып отырған жас ұрпақтың бар болғаны қуантады. Барлығымыз жарқын жеңістіңң куәсі болдық», - деп тілек білдірді аймақ басшысы.

Облыс әкімі К.Көкірекбаев сондай-ақ, жаттықтырушылардың да жеңіске қосқан үлесін атап өтті.

Жамбылдық боксшылардың таяуда өтетін басты жарысы - 2015 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысу.

Соңғы жаңалықтар