Жамбыл облысының 64 ұйымында жұмыскерлердің құқықтары бойына бірқатар меморандумға қол қойылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың республикалық үшжақты комиссиясының әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа тұру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдарына қол қою жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде облыста 19 756 адам еңбек етіп отырған 64 ұйымдарда меморандумдарға қол қойылды, соның ішінде 19 ірі кәсіпорын (16 783 адам), 45 орта және шағын кәсіпорын (2973 адам) бар.

Облыс әкімдіктері жұмыс берушілер, кәсіподақ органдарымен бірлесіп меморандумдарға қол қою жұмысын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар