+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Жамбыл облысының 6 елді мекенінде су басу қаупі төмендеді

2021 жылғы 17 ақпан 21:22
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының 6 елді мекенінде су басу қаупі төмендеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков айтып берді.

Спикердің айтуынша, аймақ бойынша көктемгі мерзімде су басуы мүмкін 38 елді мекен бар. Олардың 28-і су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен, ал 10-ында тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр салдарынан орын алу ықтималдылығы ескерілген.

«Облыс көлемінде 156 гидротехникалық құрылыс нысандары орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, жеке меншікте – 9-ы бар. «2017-2020 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар кешені» Жол картасына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 6 елді мекенде су басу қаупі төменденді. Олардың қатарында Жамбыл ауданының Жасөркен, Қызылқайнар, Байзақ ауданының Сарыкемер, Денсаулық саяжайы, Талас ауданының Ақкөл және Үшарал ауылдары бар, — деді Е. Ақылбеков.

Айта кету керек, Тараздағы, Жамбыл және Байзақ аудандарының елді мекендерінде су басу қаупінің алдын алу үшін Талас өзеніндегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты орындалмады. Оның жалпы ұзындығы 25,4 шақырымды құрайды. Брифинг барысында аталған жағалуды жөндеу жұмыстары «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасына енгізілгені айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT