Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққан

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша кене шағудан зардап шеккен 421 адам тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 426-ны құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кене шаққан барлық адамдар 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынды, клиникалық белгілері, шағымдары жоқ. Медициналық бақылаудан 298 адам алынды», –деді Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, департамент басшысы орынбасарының айтуынша, облыста жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 3 зертханалық расталған жағдайы тіркелген.

Оның екеуі Шу ауданында, біреуі Байзақ ауданында болған.

Бүгінгі таңда барлық науқастар хаттамаға сәйкес емдеудің толық курсын алып, сауығып үйлеріне шығарылған.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында төрт түлікті асылдандыру жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарына келесі жылдың көктемінен бастап «Асылдандыру бағдарламасы» қолжетімді болады.

Нәтижесінде ет өнімдері де біршама көбеюі тиіс.

Көкдөнендіктерде мал басынан кемінде 20-30 литр сүт алуға мүмкіндік мол. Себебі, таулы аймақтың шөбі шүйгін, табиғаты мал шаруашылығын дамытуға қолайлы.


Соңғы жаңалықтар