+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны бес жігітті атып кетті

2021 жылғы 17 маусым 16:30
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны бес жігітті атып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда 22 жасар жігіт өзара жанжал кезінде мылтықпен 5 жігітті атып кетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды Жамбыл облысындағы пилоттық жобаны басқа өңірлерге де қолдану қажет – Премьер-Министр Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысы қалай көбейді

Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталық аудандық ауруханасына 20, 22 және 24 жастағы 5 тұрғыны оқ жарақатымен жеткізілген. Бұл туралы аудандық полиция бөліміне хабарлама түскен.

Жанжал бұзақылық ниеттен туындағаны анықталды, күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-99-бөлігі 2,1,9 – тармақшалары бойынша (екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT