+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр

2021 жылғы 30 қыркүйек 08:20
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Таразда өткен брифинг барысында Байзақ ауданындағы әскери қоймалардағы жарылыстардың себебін тергеу туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы 26 тамызда 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыстар кезінде 17 адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалғанын атап өтті. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаменті, прокуратураның өкілдері, әскери қызметшілер бар.

«Төтенше оқиға кезінде бір азаматтың із-түзсіз жоғалғанын атап өткім келеді. Алайда оны іздеу жұмыстары әлі де жалғастырылуда. Мен «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығымен үнемі байланыстамын. Шараға қанша маман, техника, саперлер, қызметтік иттер жұмылдырылғаны туралы мәселелерді қадағалап жүрмін. Іздеу-барлау шаралары жалғасуда. Мен жоғалған адамның ата-анасымен де байланыстамын», - деді Бердібек Сапарбаев.

Төтенше оқиға себептеріне тоқтала өткен өңір басшысы бұл мәселенің барлығын мазалайтынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігі мамандарынан құрылған тергеу тобы құрылған. Тергеу қорытындылары аяқталған соң ресми түрде жария етіледі. Оқиғаның себебі, сондай-ақ оған кінәлі болғандар сол кезде белгілі болады. Сондықтан жерлестерімді қандай да бір теріс ақпарат және өсек-аяңға сенбеуін сұраймын. Нақты ақпаратты арнайы құрылған штабтан алуға болады», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысы Байзақ ауданынындағы Қайнар ауылының жанында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында әуелі өрт басталып, одан кейін бірнеше жарылыс болған. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 17 адамға жетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған. Қазіргі кезде Байзақ ауданында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.



Галина Скрипник


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT