+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы жаңа жағдайлар: Науқас індетті пойызда жұқтырған

2020 жылғы 7 сәуір 18:20
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы жаңа жағдайлар: Науқас індетті пойызда жұқтырған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 7 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 жұқтырған тағы 5 адам анықталды, оның төртеуі Қордай ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 1961, 1963, 1973 және 1985 жылы туған азаматтардың вирус жұқтыруына олармен тығыз байланыста болған індетке шалдыққан науқас себеп болған. Бесінші науқас – 1966 жылғы Мойынқұм ауданының тұрғыны. 28 наурыз күні «Көкшетау-Қызылорда» пойызында коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен осы ақпаратты алғаннан соң, ол жедел түрде карантиндік стационарға оқшауландырылды. Лабораториялық талдау COVID-2019 диагнозын растады», - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, науқастанған азаматтармен байланыста болған 54 адам анықталып, карантинге жатқызылды.

«Лабораториялық зерттеуге материалдарды іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет індет жұқтырғандар мен байланыста болғандардың тұрғылықты мекенжайы мен барған жерлеріне дезинфекция жасады», - делінген ресми хабарламада.

Жалпы Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 45 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 11 адам шекара пункттерінен өткен кезде анықталса, 6 науқас - Делиден келген рейс жолаушылары. Таразда – 5, Қордай ауданында – 18, Меркіде – 2, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында 1 адамнан тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT