Жамбыл облысындағы жағдай жергілікті биліктің толық бақылауында – әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы қазіргі жағдай туралы облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Облыста жедел штаб құрылды. Оның құрамында ҰҚК, полиция, төтенше жағдай департаменті, прокуратура және әскери қолбасшылықтың өкілдері бар. Қазіргі таңда жағдай жергілікті биліктің толық бақылауында. Әлеуметтік нысандар зардап шеккен жоқ. Инфрақұрылымдық-инженерлік нысандар оның ішінде қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Мектеп оқушыларының каникулы 17 қаңтар, колледж студенттерінің каникулы 24 қаңтарға дейін ұзартылды», - деді Дәулет Кәрібек Хабар 24 телеарнасына ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.

Оның айтуынша, облыстың 10 ауданы бойынша балабақшалар тұрақты жұмыс істеп тұр.

«Тараз қаласындағы балабақшалардың жұмысы төтенше жағдайға байланысты уақытша тоқтатылды. Осы сәтті пайдалана отырып облыс және қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Үйде болып, ешқандай шақыруға еріп кетпей, комменданттық сағат ережесін сақтауға шақырамыз», - дейді ол.

Сонымен қатар Тараз қаласындағы «Nur Otan» партиясының филиалына шабуыл жасалғаны туралы хабарланды.


Соңғы жаңалықтар