Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге туристердің қызығушылығы артып отыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 200-ден астам көне қалашық бар. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Хажы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша 3 441 ескерткіш бар. Оның ішінде 25-і республикалық дәрежеде болса, 3416 жергілікті маңызға ие.

Сондай-ақ, аймақта 200-ден астам көне қалашық бар десек, бір ғана Тараздың өзінде 119 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген. Биыл негізгі туристік нысандардың саны 37-ден — 65-ке көбейтіліп, 45 жаңа туристік маршрут әзірленді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта өңірде бірнеше туристік орындардың құрылысы басталады, оның ішінде 1 млрд теңгеге «Алтын бұлақ» агротуристік базасы салынбақ, 4,1 млн теңгеге «Көксай» туристік кешені, 300 млн теңгеге «Асем» демалыс орталығы, «Қазақ хандығы» монументі жанынан 500 млн теңгеге «Этно ауыл» саябағын ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. 200 млн теңгеге «Әулие бастау» бұлағы

жаңғыртылса, дәл осындай қаржыға «Тас көл» көлінің жағасынан туристік демалыс орталығы ашылады.

«Бүгінде облыс бойынша 180 қонақ үй, 434 тамақтану орындары, 7 шипажай, 15 демалыс орындары, 11 балаларды сауықтыру лагерлері,

47 туристік ұйым, 78 қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс істейді»,- деді Жомарт Хажы.


Фото:taraz.atameken.kz


Соңғы жаңалықтар