Жамбыл облысындағы шиеленісті полиция тексеріп жатыр

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи селосының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция күшімен конфликт шешілді, жағдай толық бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген хабарламада.

Төбелесті бастағандар мен қатысқандар анықталып жатыр.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырады және жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

«Жалған ақпарат таратқаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілер мен жедел хабарлаушылар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - дейді департамент.


Соңғы жаңалықтар