Жамбыл облысындағы шаруа қожалығында 8 келі марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғынынан 8 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкнар» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түймекент ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде Байзақ ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Ер адамнан 8 кг 686 грамм »кептірілген марихуана« есірткі заты табылды және тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Байзақ ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар