+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған

2021 жылғы 23 ақпан 14:55
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда бір күнде 250-ге жуық жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы ақылы жолдарда жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі.

Профилактикалық рейдтің бір күнінде республикалық маңызы бар жолдарда 247 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, 79 жүргізушіге қатысты қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, көлік құралын мас күйінде басқарған 1 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған бөлігінен өткен 1 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жол қозғалысы ережесін бұзған 14 жаяу жүргінші анықталды.

«Қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті басқарған тағы 10 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 7, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 13 жүргізуші анықталып, айып тұрағына 1 автокөлік қойылды», - деді Жамбыл облысының ПД БПП командирі Серғазы Әбдіқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT