+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы пилоттық жобаны басқа өңірлерге де қолдану қажет – Премьер-Министр

2021 жылғы 3 тамыз 12:33
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы пилоттық жобаны басқа өңірлерге де қолдану қажет – Премьер-Министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру туралы пилоттық жобада 11 ауылдағы кәсіпкерлер саны 3 есе көбейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

Жалпы осы бағдарламаға 8 мыңнан астам жеке және қосалқы шаруашылықтар қатысқан.

«Халықтың жұмыспен қамтылуы өсті және осы жобаға қатысатын адамдардың орташа табысы 2 есеге артты. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды. Облыстың ауыл тұрғындарының табысын арттыру тәжірибесі өз тиімділігін көрсетті және Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Бұл жобаны елдің басқа өңірлерінде де қолдану қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жобаны басқа облыстарда іске асыру үй іргесіндегі жерлерді пайдалану тиімділігін, үйдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттырады, үлестік жер телімдерін оңтайлы пайдалану, кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау және ауылдағы бизнес жобаларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі.

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еңбек, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде жобаны басқа өңірлерде де кеңінен қолдану жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін пилоттық жоба басталған еді.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы 5 бағытта жүзеге асты: бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді пайдалану, екінші – мал басын көбейту, үшінші – ауыл сыртындағы жерлерді пайдалану, төртінші – техника беру, бесінші – кәсіп ашуға қолдау көрсету.

Соның нәтижесінде 11 ауылдың өзінде 45 мыңнан астам мал сатып алынды, 10 мың гектардан астам жер біріктіріліп, кооператив құрылды, 190 техника алынып, өңдеу, жылыжайлар секілді 11 кәсіп ашылды. Осы жоба нәтижесінде 2 282 кәсіпкер ресми тіркелді, 589 жаңа жұмыс орны ашылды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT