+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында тағы да жарылыс болды

2021 жылғы 10 қазан 11:34
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында тағы да жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы зақымданған жарылғыш заттар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында дүкенге заңсыз ойын аппаратын орнатқан ауыл тұрғыны сотталды Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

«2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді.

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты»,- деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT