Жамбыл облысындағы «Мерке ет» ЖШС ет комбинаты қайта жаңғыртылды

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысындағы «Мерке ет» ЖШС ет комбинаты қайта жаңғыртылды.

Серіктестіктің директоры Берік Егембердиевтің ақпараты бойынша, комбинатты қайта жаңарту ет өніміне енгізілген халал шарттарына сай болу үшін қажеттілік, халал еттердің негізгі бөлігі экспортқа шығарылатын болады.

«Қайта жаңғырту жұмыстары біздің ет комбинатының қуатты жұмыс істеп, сондай-ақ шаруалардың мал етін біздің комбинатқа тапсыруы үшін мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуына мүмкіндік береді», - дейді директор.

Германдық әріптестер Мерке ет комбинатын қайта жаңғыртудан өткізу барысында жұмысты толықтай бақылап отырды.

Ет кәсіпорнының қуаттылығы - бір ауысымда 50 ірі мал басы мен 1000 қой союға келеді. Еттің күндізгі өнімділігі 20 тоннаны құрайды.

Комбинаттың 60 адамнан астам қызметкері бар.

Соңғы жаңалықтар