+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы лагерде баланы соққыға жыққан студент-тәлімгер жазаланды

2018 жылғы 27 шілде 08:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы лагерде баланы соққыға жыққан студент-тәлімгер жазаланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы балалар лагерінде болған келеңсіз оқиға ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тау самалы» жазғы демалыс лагерінің тәлімгері Бекарыс Тілепбай заңсыз әдеп көрсеткені үшін жазаланды. Жуалы аудандық соты оны 10 жасар баланы ұрғаны үшін айыпты деп таныды», - деді ведомствосының баспасөз қызметіндегілер.

24 маусым күні Тараз қаласының ІІБ-на Тараздың Д. есімді тұрғыны келіп, «Тілебай баба» ЖШС-на тиесілі «Тау самалы» лагерінің тәлімгері баласын соққыға жықты деп арызданған. Баланың анасының өтінішімен 16-24 маусым аралығында «Тау Самалы» лагерінде тексеріс өтті.

Сот-медициналық сараптаманың нәтижелерінен белгілі болғандай, баланың денсаулығына зақым келген. Ол мидың шайқалуы түріндегі жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, қолы мен оң жақ аяғы қанталаған.

Жуалы аудандық ІІБ аталмыш фактіні ҚР ҚР ӘҚБТК-нің 73-бабы, 1-ші бөлігіне сәйкес, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» деп бағалады.

«Жуалы аудандық сотындағы істі қарау барысында Б. Тілепбай кінәсін мойындап, бала бірнеше мәрте ішкі тәртіпті бұзып, тәлімгерін тыңдаудан бас тартты деп ақталды. Нәтижесінде Б. Тілепбай денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша айыпты деп танылып, оған 36 075 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT