+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы  кейбір жол асулары қыс мезгілінде қауіпті

2019 жылғы 15 қараша 04:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы  кейбір жол асулары қыс мезгілінде қауіпті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Күйік, Шақпақ, Қордай, Хантау асулары қыс мезгілінде үлкен қауіп төндіреді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жол жағдайын бақылауға арналған қосымша 2020 жылы іске қосылады Автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізілмек СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Бүгінде облыстың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 5187 километрді құраса, оның ішінде 1237 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар және 3950 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдарға жатады. Сондай-ақ өңірдегі автокөлік жолдарында жалпы ұзындығы 120 шақырымнан асатын 16 қар басу учаскесі бар.

«Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, тиісті күштер мен құралдарды, жылыту пункттерін көрсету арқылы қар басу учаскілерінің электрондық картасы әзірленді. Қысқы кезеңде Күйік, Шақпақ, Қордай, Хантау асулары үлкен қауіп төндіреді. Бұл жерлерде метеорологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан апаттар, автомобильдердің өту мүмкіндігінің төмендеуі және көлік құралдарының жиналуы мүмкін. Қысқы кезеңге 28 жылыту пункті дайындалды, оның ішінде 9-ы республикалық маңызы бар автожолдарда, 6-ы облыстық маңызы бар автожолдарда және 13-і аудандық маңызы бар автожолдар бойында орналасқан»,-дейді Мақсат Қосыбаев.

Сондай-ақ, қосымша жылыту пункттері ретінде автомобиль жолдары бойында орналасқан білім беру нысандары мен елді мекендердің мешіттері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері пайдаланылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT