+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда

2019 жылғы 14 қараша 16:46
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Вице - премьер Бердібек Сапарбаев облысымызға  жұмыс сапары барысында «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңа жағдайға бейімдемек Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін Қазақстандық меценаттар туған жерлеріне 270 млрд теңгеге көмек көрсетті

Қазіргі таңда жалпы аумағы 20 гектардан асатын кешенде биіктігі 22 метрді құрайтын Әулиета ескерткішінің тұғыртасы қалануда. Бұл өңірдегі ең биік, ескерткіш болмақ.

Бүгінде құрылыс басында 100-ге жуық жұмысшы, 10-нан астам техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы, ескерткіш орналасатын тұғыртастың биіктігі - 8 метр, биіктігі - 14 метрді құрайды. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегіндегі кіре берісінде арка, арнайы тамашалау алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақ болады. Жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның мүсіні, баспалдақ бойымен Қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясына дейінгі қалалар бейнеленетін инсталяция орнатылмақ.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтуынша, ескерткіш «Тектұрмас» жобасының бірінші кезеңі бойынша бой көтеруде. Жобаның екінші кезеңінде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылмақ.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ескерткіштің айналасына Тараздың терең тарихынан сыр шертетін басқа да басқа да жобалар жоспарланғанын жеткізді.

Бұл жобаларды әрі қарай жетілдіріп, туристерге тартымдылығын арттыру үшін Б.Сапарбаев оның құрылыс жұмыстарына қолдау көрсету туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT