Жамбыл облысындағы электр жүйелерінің 70 пайызы тозған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында электр жүйелерінің тозуынан 40 мыңдай киловат энергия уақытылы берілмеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы облыс тұрғындары тәулігіне 170 мегаватт электр энергиясын тұтынады. 10 аудан мен облыс орталығына электр қуатын таратуға «Жамбыл электр жүйесі» мекемесі жауапты. Оған қарасты 14 мың шақырым әуе желісі мен 3 мыңға тарта трансформаторлық бекеттер бар десек, жылына оның 12 пайызы ғана жаңартылып отырады екен. Ал, толықтай жаңғырту үшін 25 жылдай уақыт кетеді екен.

Мамандардың айтуынша, ескірген жүйелері тұрғындарға электр энергиясы тұрақты жеткізілуіне кедергі келтіріп отыр.

«Аймақтағы электр жүйелерінің 70 пайызы тозған. Оны жылда өзіміздің тарапымыздан лабораториялық сынақ жасап, тексеріп, әрі қарай эксплуатация жасап жатырмыз. Ал енді тіптен жарамай қалғандарын ауыстырудамыз. Кері әсерін тигізгенде Барлық эксплуатациядан 5-10 пайызы жылда бізде апатты жағдайда болып электр қуатының қалыпты таралуына кедергі келтіруде»,- дейді Жамбыл электр жүйесі мекемесі бас директорының орынбасары Түймебай Сержанов.
Соңғы жаңалықтар