Жамбыл облысындағы елді мекендердің 20 пайызында ғана бас жоспар бар

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының барлық елді мекендері бас жоспарлармен қамтамасыз етілуі тиіс. Мұндай мәселені кезекті XXXV сессия кезінде Жамбыл облысының депуттары көтерді.

Осы күнге дейін өңірдің көптеген елді мекенінің бас жоспары жоқ. Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйнесек, Шу ауданындағы 35 елді мекеннің 7-ің ғана, ал Жуалы ауданындағы 49 елді мекеннің 16-сының ғана бас жоспары бар. Осындай жағдай Жамбыл және Рысқұлов аудандарында да орын алып отыр.

Сессия кезінде мәслихат депутаттары Жамбыл облысындағы елді мекендердің сәулет бейнесін бұзып отырған қала құрылысының бірқатар проблемаларын атап өтті. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Ахметовтың ақпаратынша, 2014 жылы өңірдегі тұрғын үйлердің құрылысына 12 млрд. астам теңге инвестицияланды, ол 2013 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға көп.

Соңғы жаңалықтар