+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы блокпостардан екі айда 800 мыңнан астам жолаушы өткен

2020 жылғы 1 маусым 17:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы блокпостардан екі айда 800 мыңнан астам жолаушы өткен

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 1 маусымнан бастап облыс және аудандық елдімекендер арасындағы блокпостар алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов Жуалы ауданындағы блокпосты алуға қатысты. Ол осында еңбек еткен барлық қызметкерге алғыс хат табыс етті. Департамент басшысы сын сәтте өз үйінен жырақта, далада аянбай тер төккендерге ризашылығын жеткізді.


Жуалы аудандық орталық ауруханасының аға медбикесі Алма Жұмамұрат пен волонтер Шолпан Жалғасбай блокпост жұмысының аяқталуына байланысты полиция департаментінің басшысына қиын уақытта көрсеткен жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Статистикаға сәйкес, 31 наурыз бен 30 мамыр аралығында Жамбыл облысындағы блокпостар арқылы 800 мыңнан астам адам және 700 мың көлік өткен.

Карантин кезінде облыстық және аудандық блокпостарда 216 полицей, 115 медқызметкер, 112 әскери және 37 әкімшілік қызметкер қызмет атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT