Жамбыл облысындағы «Әулие Ата» әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өңірде ауа райының күрделенуіне қарамастан Тараздағы халықаралық «Әулие Ата» әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұшақтардың ұшып-қонуына ешқандай шектеу жоқ»,-деп хабарлады «Әулие Ата» әуежайы баспасөз қызметінің өкілі Юлия Егорова.

Оның сөзінше, ұшу кестесінде ауа райына байланысты ешқандай өзгерістер болмаған. «Air Astana» әуе компаниясының рейстері тасымалдаушы ұйым өкілдерінің шешімімен өзгертілді. Бұған ауа райының ешқандай қатысы жоқ.

Әуежайдағылар арнайы техникалар мен құрылғылардың күрделі ауа райы жағдайындағы жұмысын қамтамасыз ету үшін алдын ала дайындалғандығын айтуда.

     

«Әуежайдың ұшу-қону жолдары мен тазаланып, ұшақтар қонатын орындар тәртіпке келтірілген. Бұл үшін қажетті қар күрейтін техникалар талапқа сай жұмыс істеуде. Осылайша, «Әулие Ата» халықаралық әуежайы рейстерді қабылдап, жіберуге толық дайын. Соңғы тәуліктердің өзінде әуежай 7 рейсті қабылдады. Сонымен қатар метеоролгиялық жағдайға байланысты Шымкент әуежайына қона алмаған рейсті қабылдады»,-деді Егорова.

Айта кетейік, бүгін Жамбыл облысында өте қалың қар түсті. Қалыңдығы 30 см-ге жетті және қар әлі жауып жатыр.

Ауа райының болжамы бойынша, қар әлі жауады, сонымен қатар көктайғақ болып, ауа температурасы -15, - 20 градус болады, кей жерлерде тіпті -25 градус аяз болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар