Жамбыл облысындағы алтын шахтасында жұмысшы мерт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, «Алтыналмас» АК» АҚ-тың Ақбақай филиалында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 шілде күні 9:44-те Мойынқұм ауданында, «Алтыналмас» АК» АҚ Ақбақай филиалында 26 жастағы жұмысшы белгісіз себептермен шахтаға құлап, қаза тапқан. Өндіріс процесі бұзылмаған», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия жасақталған.

2018 жылдың басында «Ақбақай» учаскесінің үш үңгушісі газдан улану белгілерімен дәрігер көмегіне жүгінген.

Сарапшылардың айтуынша, тау-кен өндірісінде жұмыс берушінің немесе жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарының сақтамауы жиі қайғылы оқиғаларға соқтырады.

Ақбақай алтын шығару фабрикасы өңірдегі ірі инновациялық-индустриялық жобалардың бірі.  

Соңғы жаңалықтар