Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы 196 елді мекен газға қосылмақ

2019 жылғы 17 қаңтар 05:39 783
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы 196 елді мекен газға қосылмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысында 2018-2027 жылдары қосымша 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Осылайша өңірдегі елді мекендерді көгілдір отынмен 100 пайыз қамту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы 23 елді мекен газсыз қалды Астанаға келетін газ желісіне қосылу ақылы болады - Қанат Бозымбаев

2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн теңге бөлініп, 43 524 млн теңге құрайтын 11 жобалық құжат дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елді мекенін газдандыру, Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған. Бүгінде бұл жұмыстар қолға алынып, жүргізілуде. Аталған жобалар толығымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70% деңгейіне көтеріледі.  Әзірге бұл көрсеткіш 48 пайызды құрап отыр.

Айта кету керек, өңірдегі газдандырылған елді мекендерде  тұрса да, орталықтандырылған газ торабына қосылмаған 88 мың халық бар болатын. Оның 53 мыңға жуығы    өткен жылдың соңына дейін газ торабына қосылды. Қазіргі таңда аудан әкімдері төмен бағамен, яғни 82 756 теңгеге газ кіргізу жұмыстарын «Жамбыл-жылу», «Теміржол-жылу және жеке мердігерлермен бірлесе атқаруда. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Мұнай,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT