+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жыл басынан бері дінмен байланысты 34 құқықбұзушылық анықталды

2019 жылғы 21 тамыз 08:41
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жыл басынан бері дінмен байланысты 34 құқықбұзушылық анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері діни саладағы 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облыстық Мемкірістер департаментінің бұрынғы басшысы 11 жылға сотталды Айдос Сарым: Жаңа құжатта бейбіт шеруді ұйымдастырушылардың міндеттері айқындалған Депутаттар мен судьялар Азаматтық-процестік кодекске енгізілетін түзетулерді талқылады

Соның ішінде 16 дерек іргелес мемлекет азаматтарының ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті заңсыз кіргізуімен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың полиция департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ҚР аумағына қазақстандық сот тыйым салған діни мазмұндағы әдебиетті кіргізу деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар өткізеді.

Экстремистік сипаттағы барлығы 27 кітап алынды, ҚР ӘҚБтК 453 бабы (ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті кіргізу) бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы, Ресейдің бір және Өзбекстанның бір азаматы әкімшілікке жауапқа тартылды. 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Мысалы, экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еліміздің аумағына кірмек болған Қырғызстанның 52 жастағы азаматшасы ұсталды. Одан экстремистік мазмұндағы әдебиет табылды. Аталмыш дерек бойынша экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 453 бабына сәйкес хаттама толтырды, ал Меркі ауданының соты көршілес елдің азаматшасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Дін, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT