+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен

2021 жылғы 25 қыркүйек 07:28
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында балалардың биіктен құлау деректері жиілеген. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың терезе алдына шығып кетуіне мүмкіндік туғызатын жиһаздарды ол тұстан қашыққа қойған абзал. Үй ішінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу артықтық етпейді. Әсіресе, үлкендеріміз кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрегені жөн. Балалар терезені өз беттерінше ашпас үшін онда блокиратор немесе тұтқасына құлып орнату керек», — деді спикер.

Ол Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала көпқабатты тұрғын үйлерден құлағанын мәлімдеді. Оның барлығы - 2-15 жас аралығындағы жеткіншектер.

Аталған төтенше оқиғалар кезінде 2 жасөспірім көз жұмды. Бұл статистика өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өскен.

Яғни, былтыр 9 оқиға тіркелді, 6 жасар жеткіншек мерт болды.

Т.Айтбаевтың айтуынша, биылдыққа бұқаралық ақпарат құралдарында «Абайлаңыз, ашық терезе және балалар!» тақырыбында 351 материал жарық көрген.

Сонымен қатар ТЖ департаменті мен аумақтық бөлімшелер қызметкерлері, ЖПҚ қызметі, еріктілер бірлесіп 21 307 тұрғын үйде, 53 мыңнан астам адамның қатысуымен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT