+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

2021 жылғы 17 қазан 23:05
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Полиция департаментінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жасөспірім танысының атынан 2 кредит алған Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған 29 жастағы полицей ауыр жарақаттанды Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды

Кеңесте Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарлары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Олар өңірдегі криминогендік жағдай туралы баяндады. Қабылданған шаралар қылмыстың 6,9 пайызға төмендеуіне ықпал еткен. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, біреудің мүлкін, малын ұрлау деректерінің саны азайған.

Қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар саны 15,7 пайызға, жасөспірімдер қылмысы 27,8 пайызға азайған. Сондай-ақ қылмыстың барлық санаты бойынша істерді ашу деңгейі жақсарған. Есептік кезеңде 549 есірткі қылмысы анықталды. 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тоғыз айда 879 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Кеңес соңында облыстық ПД бастығы Жанат Сүлейменов құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды және бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT