Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» сайтына сілтеме жасап.

«12 ақпан күні 13 сағат 53 минутта Жамбыл жол бөлімінің Шу-Отар учаскесінің Көктөбе-Еспе аралығында №3406 жүк пойызының вагондары рельстен шықты», - деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқыс оқиға салдарын жою үшін Шу және Алматы стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Пойыздар екінші жолмен қатынап жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар