Жамбыл облысында жолдар ақылы болады

Фото: None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат - 2018 жылы Жамбыл облысында жолдарға ақы төлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жайлы ақпарат аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Жамбыл облысындағы бөлімшесінің басшысы Дәурен Тоқтаровтың айтуынша, Жамбыл ауданы бойынша Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассаларына ақылы жүру жүйесі енгізіледі.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Алматыға баратын жолдағы Тараз-Қайнар автожолында төлем қабылдауды қамтамасыз ететін кешен құрылысы басталды. 

Жеңіл автокөліктер үшін жол жүру ақысы километріне 1 теңгені құраса, жүк машиналары мен автобустар үшін - километріне 15 теңге болады деп күтілуде. Демек, Тараздан Қордайға жету үшін жеңіл көлік жүргізушісі мөлшермен 350 теңге, ал ауыр көлік жүргізушілері - 5 250 теңге төлейді. 

Соңғы жаңалықтар