Жамбыл облысында жолда қалған 26 адам құтқарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында тасжолда ауа райына байланысты қиындықтар туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Жуалы ауданында «Алматы - Ташкент» тасжолында тұрып қалған 26 адам, соның ішінде 2 бала құтқарылды», - деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Адамдар таяу маңдағы Нұрлыкент ауылы Ломоносов атындағы орта мектепте орналасқан жылыту бекеттеріне жеткізілді.

«Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 10 адам және екі техника тартылды», - деді ведомстводан.

Еске салайық, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ауа райына байланысты табиғи апат салдарын жою бойынша штаб ұйымдастырылды. Қауырт желі жұмыс істеп тұр. Жамбыл облыстық полиция департаменті жүргізушілерді аса қатты қажеттілік болмаса, жолға шықпауға және жолда абай болуға шақырады.

Авторы: Галина Скрипник


Соңғы жаңалықтар