Jańalyqtar
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы аударылып қалды
2018 жылғы 17 маусым 14:36
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қолда бар ақпараттарға сәйкес, жолаушы пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер бар ма, жоқ па - толық ақпарат бере алмаймын. Әкімдіктің жұмыс тобы оқиға орнына аттанды», - деді Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың басшысы, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслам Иманқұловтың айтуынша, құтқарушылар оқыс оқиға болған жерге бара жатыр.
ҚТЖ бұл апат туралы әзірге пікір білдірген жоқ.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- ШҚО-да қыстың көзі қырауда 9 ауыл көгілдір отынсыз қалған
- Вакцина салдырған Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай
- Тараз тұрғыны жасырын ойын бизнесін ұйымдастырған
- Қордайдағы вакцина шығаратын зауыттың құрылысына қатысты кеңес өтті
-
ШҚО-да көпқабатты үйдің жертөлесіндегі дүкеннен өрт шықты
-
Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан қарияның мәйіті табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER