Жамбыл облысында жол ережесі бір тәулікте 700-ге жуық рет бұзылған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір тәулік ішінде 700-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының аумағында 2021 жылдың 23 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында республикалық кең көлемді «Құқықтық тәртіп» және облыстық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Жоғарыда аталған жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге қатысты әлеуметтік желілерде барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен жол-патрульдік полиция бөліністерінің бейнежазбалары орналастырылды.

Жамбылдық полиция қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде облыс аумағында алғашқы тәулікте ешқандай жол-көлік оқиғасы болған жоқ.

«Тәртіп сақшылары бір күнде 700-ге жуық жол ережесін бұзу жағдайын анықтады. 24 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті қоғамдықтәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бойынша қызмет атқарудың күшейтілгеннұсқасына көшті»,-делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар