Жамбыл облысында жол бойындағы дәмхана өртенді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолының бойында орналасқан дәмхана өртенді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА. 

«Байзақ ауданындағы Ақ Шолақ стансасының қасында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік жолының 460-шы шақырымындағы Алматы-Ташкент учаскесінде бір қабатты «Алып» дәмханасы өртенді. Өрт салдарынпан ғимараттың төбесі опырылып түсті», - деп хабарлады ведомство.

Өрт облыстық ТЖД «ӨСАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің күшімен бір сағатта ауыздықталып, бір сағат, он бес минутта сөндірілді. Жалынмен күреске 14 қызметкер және төрт техника жұмылдырылған.

Өртке газ жабдықтарын пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін деген болжам жасалып жатыр, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар