+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты

2019 жылғы 21 шілде 18:41
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қордай - Алматы» республикалық автожолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға орнында төрт адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында көлік қаққан 27 жастағы жігіт көз жұмды Атырау облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам зардап шекті

Қайғылы оқиға Қордай ауданы Соғанды ауылынан 10 шақырым қашықтықта орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«21 шілде күні таңғы сағат 6.ОО-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, «Қордай-Алматы» республикалық тасжолында жол апаты болды. Алдын ала болжам бойынша, «Мерседес Бенц Е200» маркалы жеңіл көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, «Мерседес Бенц 814» жүк көлігінің артына барып соғылған. Жол апаты салдарынан «Мерседес Бенц Е200» жеңіл көлігінің 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші ауыр жарақаттармен Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды» делінген ведомство xабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаментінің мамандары жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болуға шақырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT