USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды

2021 жылғы 15 қазан 19:10
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада автокөлік жол белгісіне соғылып, аударылды Ақмола облысында жол апатынан 20 жастағы жігіт көз жұмды Алматы облысында көлік апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды

Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолының 6-шақырымында Audi-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бағыт алып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2104 маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT