Жамбыл облысында жоғалған баланы іздеуге ТЖД тікұшағы мен АН-2 ұшағы жұмылдырылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Көшаман ауылында жоғалған жеті жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.

Ол кеше сағат 15:00-дер шамасында үйінен атқа мініп шығып кеткен. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз, ешқандай хабар жоқ - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланы іздеуге 250-ден астам адам жұмылдырылды, олардың ішінде полиция қызметкерлері, әкімдік, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен еріктілер бар. Сонымен қатар, қосымша күш ретінде Ұлттық ұланның 150 адамы мен Меркі аудандық полиция бөлімінің 30 қызметкері тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама барысында баланы кешкі сағат 18:00 шамасында туған ауылы Кушаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының жанынан көргендер бар болып шықты. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы мен жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің АН-2 ұшағы жұмылдырылды.

«Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалған балаға қатысты қандай да бір ақпарат білген адамдардан 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 телефондары және «102» нөміріне хабарласуды сұрайды. Баланың белгілері: арықша келген, бойы 120 см, қара шашты. Үтсінде сұр футболка, қызыл кепка, қысқа шалбар және қара кроссовка киген»,-делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар