Жамбыл облысында жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бахытжан Халилұлы Бейсеев Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметінен.
Бейсеев Бахытжан Халилұлы - 1966 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер», 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер», 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл облысы ІІБ МАИ жол патрульдік қызметі бөлімінің аға инспекторы болып бастаған.
1990-1998 жылдары - Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасында, Мемлекеттік тергеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде әр түрлі жедел уәкіл және басшы лауазымдарында қызмет атқарған. 1998 жылдан бастап, Жамбыл облысы ІІБ 9-шы басқармасының бастығы.
1999 жылдан бастап, Жамбыл облысы ІІБ Т.Рысқұлов ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің бастығы.
2000 жылы ҚР ІІМ Академиясының басқарушылық құрылымын дайындау факультетінің тыңдаушысы.
2002 жылы ҚР ІІМ Көші-кон полициясы департаментінің Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу басқармасының бастығы.
2003-2012 жылдары - Ақтөбе облысы ІІБ, ІІД бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары.
2012 жылы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы ІІД-нің қарамағында. 2015 жылдың шілдесінен бастап, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің Кинологиялық қызмет басқармасының бастығы қызметін атқарған.
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті әскерилер күзетіп тұр
-
Антитеррор операциясы: Таразда әкімдік ғимаратын өртегендер ұсталды
-
Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




