+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті

2021 жылғы 10 қазан 16:52
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Оқу-жаттығуда меморгандар мен күш құрылымдарының ТЖ кезінде өзара әрекетін жетілдіру пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды Қазақстандық бітімгерлер Африка елдерінде БҰҰ миссиясына қатысуы мүмкін Жамбыл облысында дүкенге заңсыз ойын аппаратын орнатқан ауыл тұрғыны сотталды

Өңір басшысы баспасөз қызметінің хабаралйынша, Тараз маңындағы Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонының аумағында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өңірлік жедел штаб басшылығымен жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Полиция, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу барысында төтенше оқиғалар туындаған жағдайда тиісті органдардың іс-қимылдарының өзара үйлесімді әрекеттері пысықталды.

Шараға барлығы 2088 қызметкер, 70 техника жұмылдырылды.

«Оқу-жаттығу мемлекеттік органдардың өзара әрекетін жетілдіру, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіп-қатерлерге жедел штабтың күші мен дайындығын арттыру, іс-қимыл алгоритмін пысықтау, барлық мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жоспарды орындау мақсатына негізделді», деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Барлық органдардың үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде оқу-жаттығуларда көзделген міндеттер толығымен орындалды.

Өңір басшысы белсенді қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтып, оқу-жаттығудың қорытындысын жоғары бағалады.

- Кез келген елдің болашағы, дамуы олардың қауіпсіздігі, қорғанысына, бейбіт тіршілігіне байланысты. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – тұрғындардың тыныштықта өмір сүруін, олардың балаларының балабақша мен мектепке алаңдамай баруын қамтамасыз ету. Бүгінгі жедел-тактикалық оқу-жаттығуды өткізудегі мақсатымыз да соған негізделеді. Барлық мемлекеттік және құзырлы органдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру керекпіз. Кез келген жағдайға, дағдарыстарға дайын болуымыз маңызды. Бүгінгі шарадан байқағанымыздай, жалпы дайындығымыз жаман емес. Бірақ оны әрдайым жетілдіріп отыруға тиіспіз. Түрлі тактикаларды қолдана отырып, осындай шараларды жиі өткізіп отырғанымыз дұрыс. Белгіленген жоспар мен алгоритмге сәйкес, төтенше жағдай туындай қалған жағдайда, өзара бірлесіп, жедел әрі сапалы жұмыс жүргізу қажет.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны нығайтуға тиісті жағдайлар жасалуда, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Облыс басшылығы, жедел штабтың атынан бүгінгі шараға белсенді қатысқан баршаңызға алғысымды айтамын. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері орындалды, -деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT