+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жарылыстар естілуде: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

2021 жылғы 14 қазан 13:18
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жарылыстар естілуде: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында оқ-дәрі қалдықтарын жару жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда жарылыстан қирап қалған 24 үй жөнделіп, қайтадан пайдалануға берілді

«Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысының Байзақ ауданында ҚР Қорғаныс министрлігінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен оқ-дәрі қалдықтарын бақылаумен жару басталды. Жұмыс осы жылдың 13 қарашасына дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті жүргізіледі. Бұл үшін әскери бөлімнен және елді мекендерден 12 шақырымнан астам қашықтағы таулы жер таңдап алынды», - деді Қорғаныс министрлігінен.

Ведомство мәліметінше, мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеген. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланған.

«Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT