Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысыда жыл басынан бері 148 егіз дүние есігін ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында биылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 13 926 сәби өмірге келген. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалпы алты айда туған 13926 сәбидің 7138-і ұл бала болса, 6788-і қыз. Оның арасында 148 егіз бар. Үшем тіркелген жоқ»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонда-ақ, басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аралықта өмірге келген шақалақтардың ең кішкентайының салмағы 501 грамм болып тіркелген. Ол – ұл бала.

Ал, ең ірісі де ұл бала, оның туған кездегі салмағы 5850 граммды құраған.


Соңғы жаңалықтар