Жамбыл облысында жалған техпаспорт жасаумен айналысқандар ұсталды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін дайындаумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағандарды ұстады. Олар – Шу ауданы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы – осы мекеменің бұрынғы қызметкері.

Әйел адам делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Тінту барысында күдіктінің атындағы 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 жалған техникалық паспорт, техника және одан әрі жалған құжаттарды дайындау үшін әзірленген 500 дана пластикалық карточка табылды және тәркіленді. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар