Жамбыл облысында «жалған қалыңдық» елді зар илетіп жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полиция департаменті бірнеше рет сотты болған Ниязова Айгүл Молдазқызына іздеу жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Кейін туысын жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған», - делінген департаменттің ақпаратында.

Полиция күдікті әйелдің өзге де осындай алаяқтықтарға қатысы болуы мүмкін екенін айтады.

«Іздеу жарияланған әйелдің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетіндер болса, немесе оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Жамбыл облысының полиция департаментіне 8(7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 нөмірлері бойынша телефон арқылы немесе «102» пультіне хабарлауды сұраймыз», - делінген ресми мәліметте.

Соңғы жаңалықтар