Жамбыл облысында зауыттан натрий триполефосфатының 484 қабы ұрланған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында зауыттан натрий триполефосфатының 484 қабын ұрлап кеткен екі күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне ЖШС директоры хабарласып, биылғы жылдың 10-18 қарашасы аралығында белгісіз тұлғалар зауыт аумағындағы екі жүк вагонын ашып, жалпы құны 4 735 000 теңге көлеміндегі натрий триполефосфатының 484 қабын, яғни 12,3 тонна өнімді ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 2 күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


Соңғы жаңалықтар