Жамбыл облысында заңсыз жүрген 152 шетелдік ел аумағынан шығарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 4 күнде 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауапқа тартылғандар ел аумағында жүріп-тұру ережесін бұзған. Бұл жедел алдын-алу шарасы кезінде анықталған. Бүгінде 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Оның біреуі адамдардың көшіп-қонуын заңсыз ұйымдастырып келген. Ал, қалғандарының басым көпшілігі құжаттарын уақтылы рәсімдемеген. Олар негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары.

Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, келімсектер саны жылдағыдан артқан. Олардың дені жұмыс іздеп, табыс табу мақсатында келеді. Жедел алдын-алу шарасы кезінде аймақта жүрген 152 шетелдік Қазақстан шекарасынан шығарылды. Қалғандарына ескерту жасалған.

«Көші-қон қызметі заңы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасап, соттың шешімін дұрыс орындамағаны үшін тартылған азаматтар. Жеке адамдарға жұмысқа келген адамдар бар. Немесе компаниялар, бізде Мойынқұм, Сарысу жақтарда шетел азаматтарының компаниялары бар, соларға жұмысқа келгендер»,- дейді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Маржан Құрмашева.


Соңғы жаңалықтар