Жамбыл облысында заңсыз алтын қазған алты жігіт ұсталды

None
None
МОЙЫНҚҰМ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан «Қаракөз» шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері 1976, 1992,1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады.

Оның бесеуі - Жамбыл облысының, ал біреуі - Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу анықтағандай, ұсталған адамдар биылғы 21 сәуірде кен орнына жүк машинасымен келіп, рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған.

Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалған. Мемлекетке келген залал көлемі белгіленеді.



Соңғы жаңалықтар