Жамбыл облысында волонтерлер полиция қызметкерлеріне көмектесуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер аймақтағы барлық ауданаралық блокпосттардың жұмысына атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара б арысында белсенді жастар төтенше жағдай кезінде қойылатын талаптар туралы, атап айтқанда, автокөліктер қозғалысына қатысты шектеулер көрсетілген жадынамаларды таратты.

«Қазір еліміз бүкіл әлем сияқты қиын кезеңді бастан өткеруде. Біз халықтың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген жандарға әрдайым көмектесуге дайынбыз. Сол мақсатта бүгін жамбылдық полицейлердің блокбекеттеріндегі жұмыстарына қатысып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтаудың аса маңыздылығын түсіндіруге, ақпараттандыруға өз үлесімізді қостық», - дейді волонтер Аяулым Расылхан.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында 31 наурыздан бастап көлік құралдарының барлық түрлерінің мақсатсыз кіруіне және шығуына шектеу шаралары енгізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар