Жамбыл облысында вирус жұқтырғандармен байланыста болған 82 адам карантинде жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус жұтырғандармен байланыста болғандардың барлығы карантинге алынған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша коронавирустың алты жағдайы тіркелген. Оның ішінде Жамбыл ауданы-1 науқас, Тараз – 2 науқас, Қордай ауданы-2 жағдай, Шу ауданы-1 жағдай. Науқастардың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына стационарлық емделуге жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, шағымдары жоқ, қажетті ем тағайындалды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз конференциясында Берік Жарқынбеков хабарлады.

«6 жағдай бойынша барлығы 82 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 71 жақын және 11 ықтимал қарым-қатынаста болғандар. Барлық жақын байланыста болған адамдар 100 пайыз карантиндік стационарға оқшауланған, ықтимал топтағы тұлғалар үй карантиніне алынды. Барлық жақын байланыста болған адамдар зертханалық тексеруден өтті, оның ішінде 70-і теріс нәтиже, 1-і оң нәтиже көрсетіп, науқас ретінде есепке алынды»,-деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, спикер науқастардың тұрғылықты және келген жері бойынша ошақтарда Ұлттық сараптама орталығы филиалымен дезинфекциялық өңдеу жүргізілгенін жеткізді.

«Пациенттердің үй-жайларында және карантиндік стационар палатасында жол жүру барысында қорытынды дезинфекция жүргізілді, науқастарды тасымалдайтын көлікке дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Медициналық қызметкерлер пациентке қызмет көрсету кезінде барлық жеке қорғану шараларын сақтады. Аталған жұмыс қатаң бақылауда»,-деді Б.Жарқынбеков.


Соңғы жаңалықтар